Жүкқұжат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүкқұжатбухгалтерлік есеп құжаты.

Құны шот-фактура бойынша төленгенге дейін немесе төленгеннен кейін тауар сатушыдан сатып алушыға осы Жүкқұжат бойынша табысталады. Жүкқұжатта тауардың түрі‚ саны‚ бағасы‚ құны көрсетіледі. Жүкқұжатқа табыстаушы және қабылдаушы тараптардың қолдары қойылады‚ ол тауарларды қоймаға кіріске алу және есепке қою үшін негіз болып табылады. Құжаттардың бұл тұрпатына коносамент те жатады. Құқықтық мазмұны мен нысаны тұрғысынан алғанда коносамент бағалы қағаз немесе қатаң есептемелік қағаз болып табылады. Жүкқұжаттар тауар жүкқұжаттары‚ тауар-көлік жүкқұжаттары‚ т. ж. жүкқұжаттары‚ әуе жүкқұжаттары, тағы сондай сияқты болып бөлінеді.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Тағы қараңыз

Үлгі:Commons

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Economy-stub