Жүктемелі трансформатор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүктемелі трансформатор . Екінші реттік тізбекке қандай да бір жүктеме қосайық. Онда бұл тізбекте жиілігі бірінші реттік тізбекті ток жиілігіне тең айнымалы ток туады. Сондықтан екінші катушкада өзіндік индукция ЭҚК-і пайда болады, оның ұштарындағы кернеу аздап төмендейді. Ленц ережесі бойынша өздік индукция ЭҚК-і магнит ағынын азайтады. Бұл магнит ағыны екі катушканы бірдей тесіп өтетін болғандықтан, оның азаюы бірінші реттік катушкадағы өздік индукция ЭҚК-і ξ-дің кемуіне әкеп соғады. Ал, онда бірінші тізбекте U кернеудің мәні тұрақты болса да ток күші артады.<ref>"Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер