Жіктелгендік коэффициенті
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жіктелгендік коэффициенті. Өнімді беткейдің бүкіл ұңғымалар бойынша есепке алынған жинауыш қойнауқаттары (жинауыш-қабатшалары) санының сол ұңғымалардың жалпы санына қатынасы, немесе шоғыр аумағындағы жинауыш-қойнауқаттардың (жинауыш-қабатшалардың) орташа саны. Бұл коэффициент шоғыр қимасының тік бағыттағы әрекеттілігі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.</ref>
Дереккөздер
<references/>