Жігерлілік
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қысқаша мәлімет
ЖІГЕРЛІЛІК – адамның ұнамды ерік сапаларының бірі. Жігерлі, қажыр-қайратты кісі болып қалыптасудың жолдары сан алуан. Солардың бірі – денені шынықтыру, кедергілерді жеңіп үйренуге машықтану. Біреудің айтқанымен жүріп-тұру, өз бетінше дербес шешім қабылдаудан тайсақтау, бұға беру – жасықтықтың әр түрлі көріністері. Кейбіреулер Ж-ті өзім білемге салып, ұрда-жық мінез көрсетіп, тәртіп сақтамай әрекет ету деп есептейді. Бұл – қате түсінік. Адамның қайратты, жігерлі, қажырлы болуы оның көзқарасы мен сеніміне, арман-мұратына байланысты. <ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references />