Жылым

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ЖЫЛЫМөзен мен көлдің, кейде теңіздің қыста қатпайтын бөлігі. Пайда болуына қарай өзендік және теңіздік Жылым деп бөледі. Жылым өзеннің ағысы күшті бөлігінде (көбінесе су электр станцияларынан төменде), грунт сулары шығатын және кәсіпорындардың қалдық суы төгілетін жерлерде, өзендердің көлден ағып шығатын тұсында пайда болады. Теңіздік Жылым желдің мұзды жағалауға ығыстырып шығарып тастауынан пайда болады. Жылым жыл сайын су айдынының белгілі бір бөлігінде пайда болып отырады.

<ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub