Жылжымалы құмдарды бекіту
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰМДАРДЫ БЕКІТУ– желілік (көлік жолдарын, каналдарды, құбырларды) және аудандық (құрылыстарды, ауылдарды, егіс алқаптарын, т.б.) шаруашылық нысандарды жылжымалы кұмдардың басуына қарсы күресу шаралары. Тропиктерден тыс шөлдердің жағдайында фитомелиорациялау – жергілікті өсімдіктермен ормандандыру арқылы, ал экстрааридтік шөлдерде – әр түрлі механикалық тәсілдер қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда Жылжымалы қумдарды бекіту 2002 – 2007 жылдары Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Сенек аулын қорғау мақсатында жүзеге асырылды.