Жылжымайтын мүлік салығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жылжымайтын мүлік салығы – жылжымайтын мүлік үшін бюджетке жыл сайын төленетін міндетті төлем.
Меншік нысандарына қарамастан заңды тұлғалар‚ олардың бөлімшелері‚ өкілдіктері‚ сондай-ақ жеке тұлғалар жылжымайтын мүлік салығын төлейді. Салық заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын негізгі өндірістік қорлар мен бейөндірістік қорлардың‚ жаңа және аяқталмаған құрылыс нысандарының, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттардың құнына салынады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>
Дереккөздер
<references/>