Жыланқұрттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жыланқұрттар (жіпше құрттар, энтеробиустар). Ұзындығы 1 см. Түсі: ақ. Өте жіңішке, жіп тәрізді

Олар қалай жұғады

Бұл құрттар артқы дәрет жолының сыртқы қабырғаларына мыңдаған ұрықтар салып, әсіресе түнде ашып, қышытады. Бала ол жақты қасынған кезде ол ұрықтар тырнақ астына кіріп, одан тамаққа, басқа заттарға көшеді. Сөйтіп, адамның аузына да жетіп, жаңа инфекциялар тудырады

Денсаулыққа әсері

Бұл құрттар қауіпті емес. Қышыма баланы ұйықтаған кезінде мазалауы мүмкін.

Емдеу және алдын алу шаралары

  • Жыланқұрты бар баланың ішкі киімі денесіне жабысып тұратын болуы керек, себебі бұл оның ұйықтаған кезінде арт жағын қасымауы үшін қажет.
  • Бала оянғанда және әрбір дәретке отырғаннан кейін оның қолын және артын жууыңыз. Ас ішерден бұрын да оның қолын жууды ұмытпаңыз.
  • Тырнағын өсірмей алып тұрыңыз.
  • Киімін жиі ауыстырып, шомылдырыңыз. Әсіресе оның құйрығы мен тырнағын жақсылап жуыңыз.
  • Ұйықтаған кезде қышынып мазасызданбауы үшін артқы тесігін (ішін және айналасын) вазелинмен сылаңыз.
  • Оған мебендазол беріңіз. Пиперазин де көмектеседі, бірақ оны кішкентай балаларға беруге болмайды. Егер үйде бір балада жыланқұрты болса, бүкіп отбасын емдеген дұрыс. Үй емі ретінде сарымсақты пайдаланыңыз.
  • Жыланқұртты болдырмаудың ең жақсы тәсілі — тазалық. Дәрі баланы одан арылуға көмектескен күнде де, егер үйде жеке гигиена сақталмаса, ол қайтадан ауыруы мүмкін.

Жыланқұрт 6 апта ғана өмір сүреді. Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаған жағдайда дәрі қабылдамай-ақ бірнеше апта ішінде құрттардан арылуға болады.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жыланқұрттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}