Жыланқабақ мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Жыланқабақ мұнай кен орны - Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы мұнай кен орны. Құрылым 1960 жылы дайындалды. 1980 жылы іздестіру бұрғылауы кезінде ашылып, барлау 1981 жылы аяқталды.

Географиялық орны

Атырау облысында, Мұқыр станциясының оңтүстігінде 35 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Кенорын үшқанатты тұзкүмбезді құрылымынан орын алған. Ортаңғы юрада екі мұнайлы горизонт бөлінген. Олар 203-610 м тереңдіктерде. Жатындардың биіктігі 3-94 м. Су-мұнай жапсары -166-580 м абсолют белгілерде.

Қанығу сипаты

Жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Горизонттер терригендік таужыныстардан құралған жинауыштары кеуекті. Мұнайға қаныққан қалындығы 3-29 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 27-30,5%. Мұнайға қанығу коффициенттері 0,55-0,72. Бастапқы шығымдары 4,8-17,4 м3/тәулік. Бастапқы қойнауқаттық қысым 1,3-15,5 Мпа, температурасы 23-28°С.

Тығыздығы, құрамы

Мұнай тығыздығы 918-920 кг/м3. Мұнайда 0,09-0,9% күкірт, 0,56% парафин бар. Хлоркальций типті судың минералдылығы 232 г/л. Бұл шағын кен орнының 2001 жылдан бастап сынама игерімі басталды. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер