Жыланбұршақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жыланбұршақ, термопсис (Thermopsіs) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Азия, Оңтүістік Және Солтүстік Американың қоңыржай белдемдерінде өсетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда таулы аймақтардың тау беткейлерінде, орманды жерлерде, бұталар арасында, өзен жағалауларында өсетін 5 түрі бар. Бұлардың ішінде жиі кездесетіні – улы Жыланбұршақ (Т. lanceolata). Биіктігі 12 – 70 см, тамыр сабағы жуан, тік өседі. Жапырақтары үшеуден топталып шығады. Гүлдері сары түсті, жапырақ қолтығынан жетіліп, шашақ гүлшоғырына топталған. Мамырмаусым айларында гүлдеп, шілдетамызда жемістенеді. Жемісі – бір ұялы, жалпақ бұршақ, оның екі қақпақшасы бар. Улы Жыланбұршақтың, әсіресе, тұқымы мен жапырағы улы болады, сондықтан медицинада дәрі жасауға пайдаланылады. Түркістан Жыланбұршағынсәндік үшін өсіреді.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жыланбұршақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}