Жусандала (дала)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ЖусандалаШу-Іле таулары мен Тауқұм құмды алқабы аралығындағы жазық дала. Алматы облысының Балқаш және Жамбыл облысының Мойынқұм аудандары аумағында. Дала Шу-Іле тауларының солтүстік-шығысын бойлай 130 км-ге созылған. Абсолюттік биіктігі 400 – 500 м. Жер бедеріне жазда кеуіп қалатын арналар және сай-жыралармен тілімделген тау алдының делювийлі-пролювийлі жазығы тән. Ол антропоген кезеңінің малтатасты-қиыршықтасты және саз-құмдақты шөгінділерінен түзілген. Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –7°С, шілдеде 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 мм. Жусанны жазда кеуіп қалатын Ақсүйек, Күйеліқара, Ботабұрым, Жалпақши, Тесік, Жыңғылды және Қопалы өзендері кесіп өтіп, Тауқұмға сіңіп кетеді. Сай-жыраларда бұлақтар кездеседі. Топырағы сұр, сұр қоңыр, сортаңды және шалғынды-құмдақты. Онда сұр жусан басым қылқан боз, күйреуік, баялыш, қоңырбас, өлеңшөп, арпабас өседі. Анда-санда сексеуіл шоғырлары кездеседі. Жусанда бірнеше елді мекендер (Айдарлы, Көлшеңгел, Тоғыз, Ақсүйек) орналасқан. Жусан арқылы АлматыАстана автомобиль магистралі өтеді.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub