Жуковский Николай Егорович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Николай Егорович Жуковский.jpg
Жуковский Николай Егорович

Жуковский Николай Егорович

Жуковский Николай Егорович (17.1.1847, Ресей, Владимир облысы, Орехово ауылы – 17.3. 1921, Мәскеу) – орыс ғалымы, қазіргі аэродинамиканың негізін салушы, Санкт-Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1894), Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1917). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1868). 1874 жылдан Мәскеу жоғары техника училищесінде және онымен қатар 1885 жылдан Мәскеу мемлекеттік университетінде сабақ берді. Жуковский авиация теориясы, қатты дене механикасы, астрономия, математика, гидродинамика, гидравлика, қолданбалы механика, машиналар мен механизмдерді реттеу теориясы, т.б. салалар бойынша зерттеулер жүргізген. Ресейдің Орталық аэрогидродинамикалық институтын ұйымдастырып (1918), оның жетекшісі болды. Жуковский өзінің есімімен аталатын теореманы дәлелдеді (қ. Жуковский теоремасы). Жуковскийдің ғылыми еңбектері жоғары бағаланып, “Орыс авиациясының атасы” аталды.

Ескерткіштер

Шығармалар

Шығармалар.: Полн. собр. соч., т. 1 – 9, М. – Л., 1935 – 37; Собр. соч., т. 1 – 7, М. – Л., 1948 – 50; Теоретическая механика, 2 изд., М. – Л., 1952.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Космодемьянский А.А., Н.Е. Жуковский, М., 1969.</ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жуковский Николай Егорович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}