Жоғарғы coт өкілеттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жоғарғы coт өкілеттігі (Үлгі:Lang-la) - Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілген өкілеттіктер. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

  1. Өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды.
  2. Сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарынын сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылыктын сақталу мәселелерін қарайды.
  3. Сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды.
  4. Заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.<ref>Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}