Жоғары қан қысымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жоғары қан қысымы (гипертония) адамды жүрек, бүйрек, сал ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Көп жағдайда адамдар организмі гипертония ауруына шалдығуға бейім боп келеді.

Қауіпті жоғары қан қысымының белгілері

  • бастың жиі ауыруы
  • қатты жүрек соғысы мен шамалы салмақ түскен кезде демігудің пайда болуы
  • әлсіздік пен бас айналу
  • анда-санда сол жақ иық пен кеуденің ауыруы

Бүл айтылған белгілердің барлығы да басқа бір себептердің де әсерінен болуы мүмкін. Сондықтан қан қысымыңыздың көтеріліп кеткендігіне күмәніңіз болса, онда қан қысымын өлшетіп тексерілу үшін дәрігерге қаралғаныңыз жөн.

ЕСКЕРТУ: Қан қысымының жоғарылауы алғашқыда ешқандай да басқадай бір ауру нышанымен қоса қабаттанбайды, сондықтан да қатерге алдын-ала жол бермеу үшін қан қысымын түсірудің шарасын жасаған дүрыс. Артық салмағы бар толық адамдар немесе қан қысымының жоғары екендігін сезіп, қауіптенетін адамдар қан қысымын үнемі өлшеп отыруы қажет.

Қан қысымын жоғарылатпаудың және түсірудің жолдары

  • Толысып, артық салмақ қосқан жағдайда арып, салмақты түсіру керек.
  • Семіз, майлы тамақты жемеңіз, әсіресе шошқа етінен, сондай-ақ қантты, крахмалды тағамдарды жеуден бас тартқан жөн; Әрдайым шошқа (мал) майының орнына есімдік майын пайдаланыңыз.
  • Асқа тұзды аз салып пісіріп, тамақты жеген кезде де көп тұздамаған пайдалы
  • Темекі шекпеңіз, арақ-шарап, күшті ішімдік атаулыны ауызға алмағаныңыз жөн, кофе мен шәйға да кеп әуестенбеген абзал;
  • Қан қысымы жоғарылағанда дәрігер оны түсіру үшін тиісінше дәрі-дәрмек береді. Бірақ көпшілік адамдар қан қысымын, егер толық болса, салмағын арылту арқылы не өзін-өзі босатып, дене қурысын жазып та түсіре алады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}