Жоғары сапалы болат
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жоғары сапалы болат — физикалық-химиялық және механикалық қасиеттері жоғары болат, электр пештерде технологиялық режим дәл сақталып қорытылады. Мұндай болаттың құрамында фосфор мен күкірт өте аз (0,03%-ке дейін) болады, ал көміртек, легирлеуші шынықтырғыш элементтер, басқа қоспалар қажетті нормадан аспайды. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала