Жорж Бизе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Georges bizet.jpg
Алекса́ндр Сеза́р Леопо́льд Бизе́

Алекса́ндр Сеза́р Леопо́льд Бизе́ (Үлгі:Lang-fr, шоқынғаннын кейін Жорж есімін алған, Үлгі:Lang-fr; 18381875) — француз композиторы, атақты “Кармен” операсының авторы (1874).

Бизе 10 жасында Париж консерваториясына қабылданып, оны 1857 ж. бітіріп шықты. А.Ф. Мармонтель, П. Циммерман, Ж.Ф. Э. Галеви, Ш. Гунолардан дәріс алды.

1857 ж. “Клавис пен Колтильда” кантатасы үшін Рим сыйлығын алып, үш жыл Италияда оқу мүмкіндігіне ие болды. Бизе 20-ға жуық опера (біразы аяқталмаған), 3 оперетта жазған. Бизенің “Кармен” операсы — француз опералық реализмінің биігі. Ол әлемдегі ең танымал опералардың біріне айналды. Бизе бірнеше оркестрлік шығармалар, симфония-кантаталар, фортепианолық пьесалар мен ән-романстар да жазған.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}