Жомарт Бисенғалиұлы Мұсабаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жомарт Бисенғалиұлы Мұсабаев (туған жылы белгісіз, Маңғыстау ауданы Үштаған ауылы – 1993) – соғыс ардагері.
- Механизаторлар даярлайтын ауыл шаруашылығы техникумын (1938),
- бухгалтерлер курсын (1940) бітірген.
- 1941 – 1944 жылдары әскерге алынып Оңтүстік-Батыс, Орталық және Беларусь, Сталинград майдандарына қатысқан.
- 1966 – 1983 жылдары Жамбыл облысы Талас, Мерке аудандарында Қаратау қаласы және Маңғыстау облысы партия комитетінде комиссия мүшесі, нұсқаушы,
- 1984 – 1988 жылдары Шевченко қалалық комитетінің әкімшілік комиссиясының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. Қызыл жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
</ref>
Дереккөздер
<references/>