Жолмырза Мырзаұлы Аймырзаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Жолмырза Мырзаұлы Аймырзаев (09.05.1910 - 1996) - қарақалпақ совет жазушысы, Өзбек КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері.

1956 ж. Мәскеудегі Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген.

Шығармалары 1927 жылдан бастап жарық көре бастаған. Тұңғыш өлеңдер жинағы (қарақалпақ тілінде) 1935 ж. Мәскеуде басылды. Кейіннен бірнеше өлең, поэма, пьесалар жинақтары, соғыстан кейінгі қарақалпақ ауылының бейнелейтін ("Амудария бойыда") романы жарыққа шықты.
Аймырзаев Жолмырза "Гурес" (1934-35), "Күресте біз жеңдік" (1938) поэмалары мен "Айгүл-Абат" (1959), пьесасында қарақалпақ жерінде Совет өкіметінің орнауы, коллективтендіру дәуіріндегі ауылдағы тап күресі суреттеледі.

"Айдын жол" поэмасы Чарджоу-Қоңырат темір жолы құрылысына арналған.

"Бердах"(1958) пьесасында қарақалпақтың классик ақына Бердахтың өмірі көрсетілген.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998