Жолдастық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жолдастықбелгілі бір ортақ мүдде, көзқарас және өзара сыйластық, мінез үйлесімділігі, т.б. негізінде қалыптасатын адамдар арасындағы қарым-қатынас түрі. Алайда тек ортақ мүдде мен көзқарастардан жолдастық тумайды. Мүдделестер көздеген мақсаттарына жету үшін уақытша ғана келісімге келген, бірақ іштей, кейде ашық түрде өзара дүрдараз не дұшпандық ниеттегі, не болмаса араларында ортақ мақсат пен мүддеден өзге қарым-қатынас жоқ адамдар ғана болуы мүмкін. Сондай-ақ, ортақ көзқарас болмаса, тек өзара сыйластық пен үйлесімділік те барлық уақытта бірдей жолдастыққа жеткізе бермейді. Толық мәнді жолдастық ортақ мүдде мен өзара үйлесім бірлігі жағдайында ғана жүзеге асады. Ұзақ уақытқа созылған және терең сыйластық негізінде қалыптасқан жолдастық достыққа ұласады. Жеке тұлғалардың өздері күнделікті араласатын ортасындағы қарым-қатынастарды кейбір жағдайларда жолдастық деп санау бар. Алайда жолдастықты әріптестік, жұмыстастық, қызметтестіктен ажырата білу қажет. Кеңес өкіметі тұсында мемлекеттік идеологияға сәйкес қоғамдағы таптық белгілерді жою мақсатында “жолдас” сөзі адамдар арасындағы қарым-қатынаста айтылатын қаратпа сөз немесе құрмет белгісі ретінде қолданысқа ие болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жолдастыққа үлкен маңыз беріліп, кейде достықпен қатар қойылған. Адамның адамшылығын жолдастыққа адалдығы мен жолдасынан тану – қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы негізгі ұстанымдардың бірі. Қазақ халқының “Жақсыны жолдасынан таниды”, “Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер, Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер”, “Жолдасы жаманды жау алады”, т.б. мақал-мәтелдері жолдастықтың қадір-қасиетін білдіреді. Сондай-ақ, қазақ ұғымында жолдастық бір күндік жолдастық, мың күндік жолдастық, жолаушы жолдастық тәрізді бірнеше түрлерге бөлініп сипатталынады. Алайда, мұның барлығында да жолдастыққа адалдық, жолдасқа құрмет көрсету әуелгі шарт. Бір күндік таныс пен бір күндік жолдасқа сәлем беру, мың күндік жолдастан айырылмау, жолаушы жолдасқа тарылмау – қазақ халқының ұлттық ділінің бағалы сипаты.


Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жолдастық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}