Жолбарыс Баязид

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жолбарыс Баязид<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1934 жылы 6 мамырда Қостанай облысы, Меңдіғара ауданының «Үлгілі» ұжымшарында дүниеге келген. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1968 жылы Алматыдағы екі жылдық жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде бастап, ұзақ жылдар бойы Қостанай облыстық газетінде, радиосында, Жангелдин аудандық газетінде, облыстық мәдениет басқармасында, облыстық телерадио компаниясында жауапты қызметтер атқарған. Өлеңдері 1976 жылдан бері облыстық, республикалық газет-журналдарда үзбей жарияланып келеді. « Бақытымның бұлағы », «Жыр ғұмыр», «Жыр дүние», «Жыр мен сыр», «Махаббат оты сөнбейді», «Ақиқаттың ақ шыңы» атты өлең кітаптары жарық көрген.

Жетістіктері

2004 жылы Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығын алған. 2008 жылы «Астанаға — 10 жыл» медалімен марапатталған. Қостанай қаласының Құрметті азаматы. Көптеген ән текстерінің авторы.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}