Жолақсыз бұлшықет ұлпасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жолақсыз Бұлшықет ұлпасы (Үлгі:Lang-latextusұлпа, musculusбұлшықет, поп — жоқ, striatusжолақ)— ішкі түтікше мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабық пен етті тақташаларды (пластинкаларды) түзетін ұлпа. Жолақсыз бұлшықет ұлпасын бірыңғай салалы ет ұлпасы деп те атайды.<ref>Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. — Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4</ref> Жолақсыз бұлшықет ұлпасының жасушалары (миоциттері) цитоплазмасында миозин және актин миофиламенттерінен түзіліп, жиырылу қызметін атқаратын миофибриллаларда көлденең жолықтар болмайды. Жолақсыз Бұлшықет ұлпасы түтікше ішкі мүшелердің, қан, лимфа тамырлары қабырғаларының еріксіз жиырылуын қамтамасыз етеді. Оның жиырылу қызметін авто-номды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}