Жолаяқтөбе
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жолаяқтөбе – Қызылорда облысы Қазалы ауданы Кәукей ауылының оңтүстік-батысында 3 км жердегі төбе. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 500 м-ге созылып жатыр, енді жері 200 м. Абсолюттік биіктігі 56 м. Беткейлері жайпақ келген. Төрттік кезеңінің жаңа түзілімдерінен пайда болған жыныстардан және эолды шөгінділердентүзілген. Құмды, тақыр сортаңды топырақ жамылғысында жусан, ажырық, жантақ, қарабарақ, т.б. өсімдіктер өседі. Оңтүстік-шығысында Қақкөл, Адамбұлақ, Көшекбай бұлақтары мен Сарыаман мұнарасы орналасқан.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>