Жолаяқ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жолаяқ – ұзақ сапарға, алыс жолға шығар алдындағы жол жүрушінің сый тамағы. Жолаяқа ауыл адамдары, дос-жарандары, ағайын-туыс, құрбы-құрдастары жиналып, жол жүрушінің құрметіне шағын сауық кешін өткізеді. Кейде атқа алғаш мініп, жолға шыққан балаға да жолаяқ жасалады. Сонда қариялар “Сапарың оң, жолың ашық, жүрісің сәтті болсын!” деп ақ тілек айтады, бата береді.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала