Жоламан Кәйменұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жоламан Кәйменұлы 1947 жылы 26 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Мереке ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Тұрсынбаев Кәймен (1909-1982). Анасы - Тұрсынбаева Байза (1912-1961). Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының тарих-теоретика факультетінің композиторлық бөлімшесін (1974), композитор, музыкалық-теоретикалық пәндердің оқытушысы; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ассистентурасын бітірген (1978). 50-ден астам мақаланың авторы. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1972 жылдан - қазақ радиосы музыкалық редакция белімінің меңгерушісі. 1976-1978 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ассистенті. 1979 жылдан - «Өнер» республикалық баспасының музыка жөніндегі бас редакторының орынбасары. 1984 жылдан - қазақ теледидарының музыкалық бағдарламалар бас редакторы. 1986 жылдан - шығармашылық жұмыста. 1989 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі музыка жөніндегі бас сарапшысы. 1995 жылдан - Қазақстанның композиторлар одағы басқармасының төрағасы. 1997 жылдан - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің басмаманы, 1998 жылдан - музыкалық өнер және шетел мен байланыстар бөлімінің меңгерушісі, музыка өнері басқармасының бастығы. 2010 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы ¥лттық oпepa және балет театрының әдебиет белімінің меңгерушісі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1998). «Құрмет» орденімен марапатталған (2006). Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты (1999). Діни кезқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Абылай хан, Ф. Рузвельт, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық әрі рухани жағынан дамыған зайырлы мұсылман мемлекеті». Хоббиі - атпен серуендеу. Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, М. Мақатаев, У. Шекспир, А.С. Пушкин, В.В. Маяковский. Үйленген. Жұбайы - Шеменова Ғалия (1953 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. қыздары - Мадина (1977 жылы туған), Ғазизагүл (1985 жылы туған); ұлы - Мамытбек (1988 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub