Жоламан Бошалақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жоламан Бошалақ(1943 жылы туған, Атырау облысы Ембі ауданы Тұрғызба ауылы) – журналист, ақын.
- ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ, 1971) және Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген.
- Шевченко (қазіргі Ақтау қаласы) қаласындағы Маңғыстау облысы телевизиясында аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор (1971 – 79).
- Маңғыстау облысы «Коммунистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі (1981 – 84).
- Мұнайлы ауданы «Мұнайлы жаңалығы» газетінің редакторы (1984 – 89).
- Маңғыстау облысы телерадиокомпаниясының бас редакторы, төрағаның орынбасары, телестудия директоры (1990 – 94).
- Облыс әкімінің баспасөз хатшысы (1994 – 95).
- «Маңғыстау» облысы газетінің бас редакторы (1995 – 2002)
- Маңғыстау облысы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі (2002 жылдан) болып жауапты қызмет атқарады.
- Бошалақ «Қарлығаш» атты кітаптың (1981) авторы. Оның маңғыстаулық еңбек озаттары жайындағы очерктері «Асқан асу» (1980) мен «Уақыттан озғандар» (1981) жинақтарына енген.
- КСРО телерадио үздігі (1991).
- Қазақстан Журналистер одағы сыйлығы лауреаты (2000).
- ҚР Ақпарат, мәдениет және спорт министернің Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
</ref>
Дереккөздер
<references/>