Жоао Авеланж

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жоао Авеланж (порт. Jean-Marie Faustin Goedefroid de Havelange; João Havelange, орыс. Жан-Мари Фостен Гёдефруа де Авеланж,) — ФИФА-ның жетінші президенті (1974- 1998 жыл). <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%BE%D0%B0%D0%BE_%D0%90%D0%B2%D0%B5%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B6</ref>

Өмірі

1916 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Бразилия азаматы. Екі мәрте Олимпиада ойындарына қатысқан. 1936 жылы Берлин қаласында жүзуші ретінде, 1952 жылы Бразилияның ұлттық құрамасында судағы спорт бойынша өнер көрсеткен. Спортсмен лауазымын тәмамдаған соң, әкімшілік жұмысқа кіріседі. 1955 жылдан 1963 жылдар аралығында Бразилияның Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшесі болады.

Марапаттары

Бразилия, Португалия, Швеция, Испания т.б мемлекеттерінің үкіметтік марапаттауларына ие болған. Құрметті легион орденінің кавалері саналады. 1988 жылдан 1997 жылға дейін Оңтүстік Америкада футбол турнирі болып өтті. Турнир Жоао Авеланж Суперкубогы деп аталды. Мұнда континенттің бұрынғы жеңімпаздары қатысты. Александр Яковлев Жоао Авеланжаға Халықаралық Леонардо сыйлығын ұсынады. (Мәскеу, 1995). 2007 жылы Рио-де-Жанейро маңынан 45 000 көрермен сиятын Жоао Авеланжа спорт алаңы ашылады.


Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}