Жиырма үш жоқтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Жиырма үш жоқтау” — жинақ. 1926 ж. Мәскеудегі Шығыс халықтарының кіндік баспасында алаштың ардақты ұлдары Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан жинап құрастырған жинаққа 23 жоқтау енген. Жинақ Шәңгерей Бөкеевтің заман жайлы ащы зарға толы “Сыршы” деген жоқтау өлеңімен ашылған. Мамай батырды шешесі Қараүлектің, Қаз дауысты Қазыбек биді Мәнкенің, Нарманбет ақынның әкесі Орманбетті жоқтап айтқан жоқтауларында, Кеңгірбай биге, Кенесарыға, Наурызбайға, 1916 жылғы Торғай өңірінде болған ұлт-азаттық көтерілісін басқарып, хан сайланған Әбдіғаппарға арналған көлемді жоқтау өлеңдерінде, т.б. қазақ тілі мен тарихына, мәдениетіне байланысты қүнды материалдар бар. Жинақта Абайдың баласы Әбдірахманды жоқтаған өлеңдері де жарияланған. Бұл жинақ еш түзету, өзгеріс енгізілмей, 1993 ж. “Мың бір мақал” деген жинақпен біріктіріліп қайта басылып шықты.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жиырма үш жоқтау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}