Жинақтық сан есім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жинақтық сан есім — заттың жинақталған санын білдіріп нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады.

Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров) Дауысты дыбысқа бітетін екі алты жеті деген септік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы - ы, - і дауысты дыбыстары түсіріліп қолданылынады. Мысалы: екеу, жетеу, алтау, және т.б. Жинақтық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылынады да, заттанып тұрады, яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады.