Жинауыштардың таралу картасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жинауыштардың таралу картасы - игерім нысаны немесе көпқабатты нысанның жекелеген қойнауқаты литологиялық құрылысының жатын ауқымындағы өзгермелілігін сипаттайтын карта. Бұл картада жинауыштардың игерілу шекаралары, игерілу сипаты бір-бірінен ерекше яки өзгеше болып келетін жинауыштардың шекарасы, бір қойнауқаттың қимадағы көршілес қойнауқатпен тоғысу орындары т.б. көрсетіледі. Мұндай карталар нысан құрылысының әртектілігін және қойнауқаттардың гидродинамикалық байланысын зерттеу, өнім алынатын және тоғыту ұңғымаларын орналастыруды, игеруді реттеу шараларын негіздеу т.с.с. мақсаттарда қолданылады. Синонимі — «литологиялық өзгермелілік картасы».<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}