Жильбер Лафайет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Мари Жозеф Поль Ив Рош Жильбер дю Мотье, маркиз де Ла Файет (Үлгі:Lang-fr; 1757 жыл 6 қыркүйек, Шаваньяк (Канталь) - 1834 жыл 20 мамыр, Париж) - француз саяси қайраткері.

Саяси өмірі

1777 жылы Солтүстік Америкаға барып, Англия тағына қарсы шыққан көтерілісшілер күресіне қатысты. Америка әскерінің генералы атағын алды. Францияға келген соң, 1789 жылы Генералдық штатқа депутат болды. Бастилия алынған күннің ертеңінде (1789 жылдың 14 шілдесі) ұлттық гвардия қолбасшысы болып тағайындалды. Кейін Лафайет революцияның одан әрі дамуына кедергі жасауға тырысты. Реставрация жылдарында ол либерал-буржуазиялық оппозиция басшыларының бірі болды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>