Жеңіс Аронов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жеңіс Аронов - 1945 жылы 5 қыркүйекте Атырау облысы, Новобогат ауданы, Забуруное селосында туған. 1964 жылы Балықшы ауданындағы қазіргі Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектепті бітіріп, Оралдың А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тамамдаған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын мектепті бітіргеннен кейін сол мектепте аға вожатый жұмысынан бастаған. 1971 — 1978 жылдары аталған мектепте мұғалім, 1978—1990 жылдары Балықшы колхозында партия комитетінің хатшысы, 1991 жылдан Балықшы аудандық әкімшілігінің бөлім бастығы, 1998 жылдан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен. 2004 жылдан бері облыстық ішкі саясат департаментінде бөлім бастығы болып жұмыс істейді.

Шығармашылық өмірі

Ақын шығармашылықпен 1960 жылдан бері шұғылданып келеді. Бірнеше өлеңдері мен әңгімелері облыстық, аудандық, республикалық басылымдарда және «Жалын» баспасынан шыққан ұжымдық жинақтарда жарияланған. «Жайықтыр жайсаң самалы» (2000), «Нұр сәуле» (2003), «Доссор түлектері» (2005) сияқты жинақтардың авторы.

Жетістіктері

1995 жылы Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}