Жеңгетайлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жеңгетайлық

1) қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпындағы қыз бен жігіттің арасына дәнекерлік жасайтын іс-әрекет. Бір-бірін ұнатып, отбасы құруға дайындалып жүрген жастардың арасында жеңгетайлық жасауды қыздың немесе жігіттің жеңгелері атқарады. Кей уақытта бұл қызметті олардың өзге жақын адамдары да көрсетуі мүмкін. Екі жас қосылған жағдайда жеңгетайлық жасаушы сый-сыяпат алып, түрлі құрметке бөленеді. Алайда біреудің отбасына нұқсан келтіре отырып, зинақорлық жасау мақсатында жеңгетайлық ету де кездеспей қалмаған. Мұндай жағдайда қылмысы дәлелденген зинақорлық жасаушы өлім жазасына дейін кесіліп, оған көмектесіп, жеңгетайлық қызмет атқарушы адам ел алдында масқараланатын болған
2) жезөкшелікпен айналысуға арналған топтар мен арнаулы орындарды ұйымдастырып, зинақорлық жасаушы адамдарды өзара кездестіретін, сол арқылы пайда табуды көздейтін қылмыстық іс-әрекет. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою, не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу арқылы жеңгетайлық жасау — ауыр қылмыстар қатарына жатқызылады. Қазақстанда осындай жолмен жеңгетайлық жасаушы азаматтар Қылмыстық кодекстің 270- және 271-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
. <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жеңгетайлық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}