Жетіасар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жетіасар — б.з.б. 3-1 ғасырлардағы қаңлы тайпалары қоныстарының орны. Жосалы темір жол стансаның (Қызылорда облысы) маңындағы бір-біріне жақын бірнеше қоныстардан тұрады. Осы қоныстардың бірі көлемі жағынан үлкен, орташа қоныс болып, онда тайпа ақсүйектері тұрғанға ұқсайды. Соңғы жылдары оның орнын қазғанда, сол кезде салынған үйлердің қабырғаларынан әдемі ою-өрнекті әшекейлер табылды. Осы аймақты мекендеген қаңлылар Қаратау мен Сырдарияның орта саласында да тұрған. Ертедегі қытай деректеріне қарағанда, олардың тайпалық бірлестігі бес “кіші иеліктен” құрылған. Қоныстарда 120 мыңдай түтін немесе 600 мыңдай адам болған.

Толығырақ

Қала орнында бірнеше қоныстар қалған. Аталмыш қоныстар бір-біріне өте жақын. Олардың орта бөлігінде көлемі ауқымды бір қоныс бар. Бұл мекен сол ескі шаһарлардың орталығы болған секілді. Өйткені орналасуы соған ұқсайды. Онда тайпаның беткеұстар адамдары өмір сүруі әбден мүмкін. Ақ­сүйектер өзге жұрттан оқшау тұрғаны аңғарылады.

Біз өткеннің тіршілік ауанын қазба жұмыстары арқылы бағамдай аламыз. Зерттеушілер көне шаһарға бірнеше мәрте атбасын тіреді. Олар әрбір сапарында тың деректерге қол жеткізіп қайтады. Мәселен, Жетіасардағы үйлердің қабырғасын аршып көргенде, біршама дүниелер қолға ілікті. Олардың арасында көрген адам көз тоқтатып қарайтын әсем әшекейлер де бар. Аталмыш заттар өзіндік ерекшелігі мол өрнекпен айшықталған. Жетіасар жайында Қытай жазбаларында кездеседі. Сол елдің жер тануға шыққан жиһанкездері көрген-білген дүниесін қағаз бетіне жазып кеткенді жөн санаған екен. Сол жазбаларға көз жүгіртсек, Жетіасардағы тайпалық бірлес­тіктер бес «кіші иеліктен» тұрған. Тіпті көне шаһарда 120 мыңға тарта шаңырақ түтін түтеткен көрінеді. Бұл дегеніңіз – орташа есеппен 600 мыңдай адам деген сөз. Қазіргі күнгі еліміздегі орташа деңгейдегі қала халқының санымен шамалас.

Жетіасардың өмір сүру кезеңі екі мыңжылдықтан астам уақытты қамтиды. Нақтырақ айтқанда, біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-І ғасырлармен тұспа-тұс келеді. Сол кезеңдегі қаңлы тайпаларының қонысы болған. Сол кезеңде Жетіасар мәдениеті өркендеген. Көне Сырдың төменгі ағысын­да өркениетті өмір кешкен. Деректерге сүйенсек, Жетіасар тоғыз ғасырға жуық тір­шілік жасаған. Жетіасар мәдениеті Жеті­асар-1, Жетіасар-2, Жетіасар-3 сынды қала­лар арқылы белгіленеді. Сондай-ақ осы маңда Бидайықасар, Сырлыасар, Үң­гір­ліасар, Томпақасар, Қарасар, Жал­пақ­асар, Ағашасар секілді көне қоныстар болған. Олардың жалпы саны 50-ге жуықтайды. Зерттеушілер осы аумақтан жүздеген обаларды тапқан. Сол кезеңдегі елге сыйлы азаматтар суландыру мәсе­ле­сіне де ерекше мән бергені байқалады.

Ежелгі заманда тіршілік еткен ескі қа­ладан көп жәдігерлер табылған. Аталмыш за­ттар түрлі заттардан жасалған. Жетіасар жұртшылығы тастан, сүйектен қажетті бұ­йымдар жасапты. Тіпті металды пайдалана білген. Осыған қарай отырып, көкейге түйе­тін жайлар жеткілікті. Жетіасар мә­де­ниеті өзге­ден ешбір кем бола қой­маған. Біздің за­мандағы ІV-VІ ғасырлардың аралығын қам­титын Жетіасар-2 өркениетіне де зер салуға болады. Бұл кезеңде жергілікті халықтарға ғұн мәдениеті әсер еткен сыңайлы. Өйткені ғасырлар он қолынан өнер тамған ұсталар түрлі бұйымдар жасау­ға назар аударған. Олар қыш ыдыстарды да жасай біл­ген. Одан кейінгі кезең VІ-ІХ ғасырлар аралығын қам­тиды. Оны Жеті­асар-3 кезеңі деп те атай­ды. Бұл кезең тайпалардың қо­ныс ау­да­ру кезеңі болған. Белгісіз себеп­термен олар­дың үдере көшу жағдайы орын алған.

Жетіасар мәдениетінің ықпалы Сырда­рия бойында, одан әрісі Ташкент маңайына дейін жеткен. Аралдың маңайында да осын­дай жағдай байқалған. Тарихшылар Әму­дария жағасына дейін жетіасарлық мә­дениеттің ықпалы болғанын жасыр­майды.

Көне қалада тұрған адамдар тіршіліктің сан алуан түрлерін кәсіп еткен. Жерден несібе терген егіншілікке де назар аударған. Одан қалды, төрт түліктің де бабын жасай білген. Балық аулауға да бейжай қарамаған көрінеді. Зерттеушілер қаладан дән үгіткіш, қыш ыдыстарда қалған бидай дәндерін байқаған.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жетіасар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}