Жетес Қыстаубайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жетес Қыстаубайұлы (1828, Қызылорда облысы Арал ауданы1914, Арал ауданы) — би, шешен.


Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасы, шекті руының жақайым аталығынан шыққан. Жетес би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген. Жетес бидің Райым, Шыбынды болыстарын басқарғаны туралы деректер бар. Оның билік кесімдері, шешендік сөздері ел арасына тарап, “тілді би” атанған. Жетес би туралы Қ.Салғариннің “Көмбе”, С.Толыбековтің “Қазақ шежіресі” кітаптары мен “ Ел аузынан” жинағында жазылған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Әңгімелер

Кезінде қара қылды кақ жара әділ билік айтып, ел намасын қорғаған, "кімсің, Жетес би" атанған жақайым Жетес би әуелі өзін ел-жұртқа таныстырарда:

Арты атам ұлы Шекті, Жібек апам,
Сонан соң Тілеу, Қабақ, ол да бабам.
Бергі атам қойлы Дәкен, Жетес бимін,
Мекенім - Арал, Шалқар, құмды далам... -

деп термелеп алады екен. Атағы бүткіл елге жайылып кеткен, қыз біткеннің сұлуы Қыз Жібектей арудың атын есіткен жұрт "ә, Шекті елінен шыққан атақты Қыз Жібектің ұрпағы екенсіз ғой" деп, Жетес биге айрықша құрмет көрсетіпті.

Жетес бидің шыққан ата-тегі туралы жоғарыда өзі айта беретін бір шумақ өлеңді толықтыра айтсақ, былай болып шығады: Кіші жүз Бекарыс - Ордаш - Мөңке - Шаншар - Тұлпар - Тоқпан - Алау - Алшын - Құдияр - Қайырбай, Қайырбайдан Байсары, Әлім, Шөмен. Әлімнен Байсары (Кете), Айқын, Ұланақ, Жаманақ (Шекті), Тайқожа, Тегенболат. Қараманақ аталары шығады. Жаманақтан - Шыңғыс, Әріс, Баубек, Мөку. Мөкуден - Айт, Бұжыр, Назар, Жәкей - Шүрек, Айттан - Тілеу, Қабақ. Тілеуден - Әлдеберді, Есіркемес, Мөңке, Өтембек, Жақсымбет. Әлдебердіден, Қозыбай. Қозыбайдан - Қырмаңдай, Бейіс, Сүйіндік, Сәдібек. Сәдібектен - Жоңлыбай, Қуат, Қуаныш, Дәкен. Дәкеннен - Жүзбай, Мыңбай, Мыңбайдан - Таңқай, Таубай, Назарбай, Жүндібай, Жаный... (үш баласының аты белгісіз) одан соң Жетес екен. Демек, Жетес би Мыңбайдың тоғызыншы ұлы - ең кенжесі, болғанын аңғарамыз. Жетестен Сүлеймен, одан Тұраш, Сәнтай, Аскар, Абылай, Болат, Марат және үш қыз туған. Бізге осы шежіре-деректі жіберіп отырған Жетес бидің немересі - Сәнтай Жетесов. Бүгінде техника ғылымының докторы, Карағанды политехникалық институтында істейді.

Жетес бидің ғүмырнамасы жәнінде дәйекті деректеме жеткіліксіздеу. Архивте, жазба әдебиеттерде кездесе бермейді. Тек қана қазақ билері жәніндегі ел аузында кездесетін аңыздарда есімімен бірге бірер тапқыр сөздері айтылады. Жетестің шешендік атағы ең алдымен сыр Шектісі, Қыр Шектісі деп аталатын елдер арасында мәлім бола бастаған. Орта жасқа келгенде оның билік даңқы бір жаты Орынбор, бір жаты Қаракалпақ халқы арасына жайылады. Әділ төрелігі, шешендік алғырлығы үшін ел-жұрт оны құрметтеп, арнайы ат жіберіп алдырған.

  • * *

Жетес би бір даумен Шектінің Назар, Жексей, Тілеу, Қабақ еліне барыпты. Ол елдің Нияз деген биі етжеңді, семіз болса керек. Ал, Жетес шағын денелі, арық кісі екен. Сөздің бір кезегінде Нияз Жетеске: - Уа, Жетесжан, дауылпаз деген құс болады, дауысы жер жарады. Жанына барсаң қауқары ұлтарақтай кән болады дегендей, Жетес атың жер жарады, мына тұрпатың жұдырықтай ғой, бұл қалай? - деп кекеткен болады. Сонда Жетес оның сөзін бөліп: - Уа, Ниязеке, оныңыз рас. Бірназар мен Бекетті Сібірге айдатқалы арлы Шекті - арық болды да, арсыз Шекті - семіз болды ғой, - депті. Жетестің онысы 1855-58 жылдары Кіші жүз қазақтарының Ресей патшалығының отаршылдық саясатына қарсы шаруалар көтерілісін басқарған Бекет Серкебайұлы, Ерназар Қаржауұлы сияқты батырларды Нияз би ауылдарының жігіттері ұстап беріп, жер аудартқанын тұспалдап айтқаны екен. Сол Бекет пен Ерназардың артынан Жетес би қуып барады. Орынбор генерал-губернаторына ол тайсалмай кіріп барып өтінішін білдіреді. - Мен патша ағзамға бұл арызынды жеткізейін, - дейді. - Сен еліңе қайта бер. Ел дүрлікпесін. Сенің елге беделің бар, тыңдайды ғой. Оларды тыныштандыр. Сәтін салса, көп кешікпей-ақ ол адамдарың еліне қайтып оралар. Генерал осылай уәде береді. Жетес елге қайтып барады. Қаһарға мінген патша ол өтіншті тыңдасын ба, Бекет пен Ерназарды он жылдан соттатып, Сібірге айдатып жібереді. •к * * Кезінде Жетес би Украина халқының ұлы кобзары Тарас Шевченкомен де кездесіп, сырлас, мұндас болған тәрізді. Қазақ даласына жер аударылған Тарас Жетестің ауылы Райым фортында біраз уақыт болған ғой. Екеуі осы тұста кездессе керек. Олай дейтін себебіміз. Жетес би кей-кейде, реті келген жерде, сөз арасында Тарас өлеңдеріне мәндес өлең тізбектерін айтып отыратын көрінеді. Бұған бір дәлел, ол егде тартқан кезінде кейінгі жастарға ақыл-нақыл, өсиет сөздерді көбірек айтқан. Соның бірі: Ұйықтап өтсең өміріңде, Ұйқың ешбір қанбаса, Өлгенің не, тірілігің не, Артыңда ізің қалмаса? - деген сөз. Кейін байқасақ, бұл шумақ Тарас Шевченконың өлеңі екен. Кұлаққа сіңіп, көңілге жатталып калған нақыл шумақты өз сөзіндей қылып айтып жүрген.

  • * *

Қыр еліндегі Төртқара ағайындары бір жылы ушыққан даудың төркінін шешіп берсін деп Жетес биді ат жібертіп алдырады. Сол жолы ол Төрт- қараның Асылбай деген ауқатты адамының үйіне түсіпті. Жетестің қасында өзіне хатшы қылып ертіп жүрген молда баласы бар екен. Ол Қазандағы медресені бітірген, өзі көп сөйлемейтін момақан ғана болса керек. Дастарқан үстінде Асылбай сөзден сөз шығарып отырып: - Жетеке, - депті, - мына қасыңа ертіп жүргенің бала екен, өзі шариғатқа шала екен. Жаныңа ерткен соң жүйрік молдалардан ертпедің бе? Сонда Жетес ойланбастан: - Ей, Есеке-ай, ағаштың емені жақсы, молданың өзіңнен төмені жақсы, немесе, молданың жаманы жақсы, халқыңның аманы жақсы. Солай емес пе ағайын? - деп төңіректеп отырғандарға қарапты. Көпшілік не десін, Жетестің табанда сөз тапқанына ырзалығын білдіріпті. Тілеу, Қабақ елінде билік құрып жүргенде бір үйде конақ болып отырған Жетестен ақсақалды қария кісі: - Жетесжан, өміріңде сөзден жеңіліп көрдің бе? - деп сұрапты. Сонда Жетес би: - Сүрінбейтін ат, сөзден жеңілмейтін адам болмайды. Пенде болған соң, кім болса да жаңылады. Мен өз басым, кейбіреулерге ұқсап жүйрік едім, алдыма жан салмадым, шешен едім, ешкімнен жеңілмедім деп мақтана алмаймын. Расын айтсам, өмірімде екі сөзден жеңілдім. Бірінде - Қадиша қыздан, екіншісінде - Есет батырдан. - Қадишамен айтыса-айтыса келіп, "қыздың жолы жіңішке, абайла биеке?" деген соң, рас екен-ау, жолдарың жіңішке, бәріміз де анадан туғанбыз, әйел затын сыйлау - бізге парыз, - деп, оған жолымды бердім. Батыр болмаса, еліңді жаудан кім қорғайды, сенің сөзге дес бермей, шешенсіп отырғаның біз сияқты батырлардың арқасы емес пе? - дегенде мен Есет ағаның алдында басымды иіп, "мен жеңілдім" деп сөз кезегін бердім. Бір биліктің кесімін сол кісі айтты, - деп Жетес би сөзін аяктады.

  • -к -к

Жетес бабамыздың елден ерекше бір кызық әдеті болыпты, - деп жазады оның шөбересі Айтбазар Жанәліұлы ("Парасат", "№ 4, 1991 ж."). Қоржынынан үнемі ет салатын тері шанашы мен жол дастарқаны қалмайды екен. Қонақасы беріп, өзін сыйлаған үйдің берекелі мол дастарқанынан артылған бауырсақ, нан, жакана ет, өрік, мейізді әлгі шанашына салып алып, жолда кездескен жолаушыны тамақтандырып сыйлап жібереді екен. Бір жолы оған баласын арқалаған әйел кездеседі... Жетес: - Кім боласың, кайдан келесің? - дейді. Әлгі өйел: - Шөмекей елінің келіні едім, күйеуім өліп, жесір қалған соң, төркінімді іздеп барамын, - дейді. Ыстық, аңызақ күнде өзі шөліркеп, ашығып келе жаткан әйелді тоқтатады. Өзі және қасындағы екі серігі аттарынан түседі. Жетес би ат үстіндегі қоржынын түсіріп, дастарқанын жол шетіне жаяды. Бауырсақ, жақана ет, өрік мейізді төгеді. - Ал, қалқам, өзің де, балаң да ашығып келе жатқан шығарсың, ұялмаңдар, - дейді. Ашығып өзегі талып келе жатқан әлгі әйел, бала өзегін жалғап тойынып қалады. Жетес би: - Жесіріне ие болмайтын не қылған ел еді?! - деп, әйелден бар болған жайды сұрап алады. - Қайын, қайнағаларың кім деген еді? Ауылыңның ақсақалы кім болады? Мен Жетес деген Шекті елінің биімін. Бара жатқан дау-шарымызды шешіп, бітірген соң, әдейілеп Шөмекей еліне соғамын. Олар артыңнан іздеп баратын болады. Сонда еншіңді, ақыңды алып беремін. Әзірше, "жолақысы жүрсе бітеді" деген, төркін жұртыңа жетіп, аунап-қунап жата бер... Жетес би әлгі балалы әйелге жолазық беріп, ақылын айтып, жән сілтеп жіберіпті дейді ел.

  • * *

Көпшілік бас қосқан бір үлкен жиында Жетес шешеннің тапқырлығын сынамақ болған бір беделді ақсақал: - Адамның, жердің, сөздің, пікірдің сәні неде? - деген сауал қойыпты. Сонда Жетес би: Адамның сені - өнер, білім, акылы, Жердің сәні - жеміс, әнім, дақылы, Сөздің сәні - өнегелі нақылы, Пікірдің сәні - ойландырар мақұлы,- деп жауап берген екен.

  • * *

Шекті Дәрменқұл Жетестен он бес жастай үлкен екен. Болыстыққа бірде Жетес, бірде Дәрменкүл сайланып, ағайын адамдар аға-іні болып, ел басқару жұмысын кезек жүргізіп жүреді. Дәрменқұлдан гөрі Жетестің әділ билігі, халыққа қамқорлығы арта түседі. Сондықтан да ел көбінесе Жетестің төңірегіне ұйыса береді. Бірде Дәрменкүл болыстыққа сайланады. Жетес те онымен таласа қоймайды. Жетес ағасына ән беріп болыс боп сайланғанына құтты болсын айтуға бармақ болып, қасына Қопардың Баймағанбетін ертіпті. Баймағанбет сөзге шебер, әңгімешіл төкпе ақын екен. Жетес жолға шығарда Баймағанбетке: - Дәрменкүл ағаға ән беріп, болыстығына кұтты болсын айтып қайтайық. Бірақ оның аткосшы хатшы жігіті Сарбала деген бар. Өзі ұрыншақ, тентек мінезді, сөзді тауып айтатын ку. Сен одан сактанарсың, - депті. Екеуі Дәрменкүл аулына барыпты. Жетесті болыстың өзі бастап, бүкіл ауыл болып, алдынан шығып карсы алыпты. Айтқандай-ақ, олардың атын байлап жүрген Сарбала: - Ей, Баймағанбет, сен Жетекеңе құтсыз қоңсы болдың. Болыстыққа өтпей калды. Мені қарашы, құтты коңсы әрі тойшы болдым. Дәрменкүлға болыстықты алдырдым, ішіңді өрттей жандырдым, есіңнен сені тандырдым, - дейді. Сонда Баймағанбет саспапты, оған табан астында былай депті:


Жетекем - бір наз бедеу, ақбас ерлі, Топ келді талай елден алтын зерлі. Келе жаткан жеті атадан текті тұкым, Дәкеңді ардақтаған халқым еді. Таласқан болыстыққа айып емес, Екеуі ұстасып ед, бірі жеңді, Бір ағам болыс болды, бірі калды, Сен несіне боп тұрсың арам терлі? -


депті. Мұны есіткен Дәрменкүл: - Ей, Сарбала, сенікі осы не сөз? Одан да, Жетекең бастап келген қонақты үйге бастап кіргіз, өз қызметіңді біл! - деп Сарбаланың жеңілгенін мойындаткан екен.

  • * *

- Жетес бабамыздың - деп бастады Жетестің жұрағаты Алдоңғар, бір көріпкел, сәуегейлігін ауыл қариялары былай аңыздайтын. Бір отырыста Жетес биден "Кімнің ажалы кімнен, неден?" - деп сұрапты. Сонда Жетес би: - Басқаларыңды кайдам, осында отырған үш болыс таяққа жығылып қайтыс болады, - депті. - Астапыралла! - деп жағасын ұстапты бір ақсақал. - Олар кімдер екен? Сонда Жетес баба жан-жағына қарап тұрып: - Біреуі мынау отырған Төртқара болысы. Екіншісі мынау Шолан болыс немесе оның ағасы Есенаман. Үшіншісі - мына менің касымда отырған Шаманның Мырзақұлы, - депті. Қымызға қызара бөртіп алған игі жақсылар "ой, Жетекең айта береді" деп оған онша мән бермей тарап кетеді. Арада біраз жылдар өтеді. Қыз-келіншектерге көбірек кырындап, түн қатып, үйді-үйдін босағасын сығалап жүрем деп, Төртқара болысы қызғаныштың кесірінен таяққа жығылып, дүниеден кайтады. Бұл - бір. Екі ел арасындағы төбелесте Шолан болыс пен оның ағасы Есенаман сойылға жығылып, Шолан ауыр жарақаттанып аман калады да, Есенаман өліп кетеді. Окиға былай болады: Кіші жүз алтон елінде сол атырапқа әншілік, салдық, батырлық атағы жайылып кеткен Батақтың Сарысы деген сері жігіт болады. Баласы мен Батақтың, атым - Сары, Дейтүғын "сары, сары" жұрттың бері. Мырзағұл шырақ алып түсті сонда, Оның да мендей болсын балалары, - дейтін әні елден-елге тарап кеткен сол сары салға бұрыннан өшігіп жүрген Шолан мен Мырзағүл "Есенаманның өлімі Сарыдан болды" деп жала жауып, солдат шақыртып, Ырғыз түрмесіне жаптырады. Расында, Есенаманның ажалы Сарыдан емес еді. Бұл - өз алдына бөлек әңгіме. Жетес бидің "Шолан болыс, не оның ағасы Есенаман сойылдан жығылады", - деп болжауының мәнісі осы. Бұл - екі. Енді, үшіншісі, Мырзағүл болысқа келейік: Шыманның Мырзағұлы 18 жасынан Қызай еліне болыс боп сайланады. Ол ақкөңіл, кеңпейіл, дастарқанды екен. Еліне жағып, ұзақ жыл болыс болып тұрады. Бір ақсақал қартайып қалған Жетес биге: - Жетеке, сіздің алғашқы екі болжамыңыз келді, ал Мырзағұлға келгенде жаңылдыңыз ғой, - депті. Сонда Жетес би: - Жоқ, мен жаңылмасам керек. "Дастарқан киесі" деген болады. Мырзағұлдың пейілі кең, дастарқаны мол. Таныса да, танымаса да, әрі өткен, бері өткенді үйіне түсіріп, ас-су беріп, сыйлап жібереді. Оны осы кең пейілі, дастаркан киесі сақтап жүр. Дәм-тұзы таусылғанда олда жәнейді. Бұл жалғанда мәңгілік өмір жок. Бәрі өткінші дүние ғой, - депті. Жетес би айтқандай, Мырзағұл да ушыққан бір дау үстінде соккыға жығылып, түрмеге түсіп, содан қайтыс боп кетеді.

Жетес бидің жасы сексен екіге толып, көзден қалып отырған шағы екен. Бір үлкен жиынға Жетесті де алдырыпты. Сол жиынға Төртқара елінен Жағал деген беделді кісі де қатысыпты. Жағал заманына лайықты білікті адам екен. (1959 жылы Арал қаласында қайтыс болды). Бір сөздің орайы келіп Жағал қасында отырған Жетес биге мынадай сұрақ қойыпты: - Жетеке, сексеннің екісіне келдіңіз. Сексен жасыңыздың әр он жылын бір белеске қойған да, сегіз белестен асқан екенсіз. Осы белестерді неге теңер едіңіз? Сонда Жетес қария ойланып отырып: - Шырағым, Жағалжан, мен он жасымда ойнадым, асық аттым, топай тарттым, ойынның қызығына тоймадым, жиырмада әр нәрсені ойладым. Қыз-келіншекке кырындадым, өз бетімше ұрынбадым. Барымды бойға киіндім, сұлу қызға шүйілдім. Отызға келдім, жігіттің нағыз нар болатын кезі екен. Қанша жүк арқаласам да көтердім, дос-жаранның назын ескердім. Тағы бір қызыл түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, үлкенді сыйладым, кішіні қимадым, сөз маржанын жинадым. Қырыққа келдім, ақ алмастай жарқылдадым, арғымақтай аңқылдадым, ақ иық қырандай шаңқылдадым, аққан дариядай сарқылмадым, алдымнан шешусіз дау өтпеді, сөз кезегі келгенде маған адам жетпеді. Елуге келдім, елу дегенің де бір төбе екен, басына шықтым, жан-жағыма қарадым, сөйтсем, әлгі төбем қарға жер екен, алды-артыма көз салдым, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын біле алмадым. Тәуекел деп тағы алға өрледім. Алпысқа келдім, алты тарау жолға түстім, сонда да адаспадым, алжаспадым. Жетпіске келдім, жеңілгенімді білдім, билікті балаға бердім, айтқанына көндім, айдауына жүрдім, катар-құрбым азайды, көре алмаймын маңайды, аяққа тұсау түсті, еркін жүре алмаймын, тілге бұғау түсті, еркін сөйлеп, күле алмаймын. Енді, міне, сексенге келдім, келін мен бала басым болды, атала асым болды, кемпір қасым болды, екі көзден қалдым, көзден қалған соң сөзден қалдым, жан-жағыма қарамаймын, күнімді санамаймын, алдым - терең құз, артым - биік жар, сол жағым - су, оң жағым - ну екен. Е, е, Жағалжан, енді менің қанша өмір сүретінімді бір жаратушы Алла тағала өзі біледі. іс * "к Жетес бидің ел арасында айтылып жүрген нақыл шумақтарынан:

Ақыл айтқан кісіге аларамыз, Сондықтан сиректеді-ау өз арамыз. Сөзінің тоқтамы жоқ, ұстамы жоқ Ағайын бұл мінезбен не оңамыз!? Әр сөзіңнің, тұжырымы ақыл менен сезімде, Эр ісіңнің тұжырымы орындалған кезінде. Сондықтан да көп замандас өз сөзіңе берік бол, Соған карап әр азамат шама қояр өзіне. • * * Адамға мал біткеннің бәрі көрік, Малың болса жүрерсің болып берік. іздемей-ақ табылар күлшеліге Баруға о дүниеге болып серік.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}