Жетен батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жетен батыр (1817, Матай т. - 1910, Райымбек ауданы, Жалаулы ауылы) — жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен батырлардың бірі.

Ердің құнын, елдің дауын екі ауыз сөзбен шеше білген шешендігімен Жетеннің даңқы өзі өмір сүрген тұста бүкіл ұлы жүзге жайылып, "Жетісудың Жетені" деген атқа ие болған. Ел аузындагы өңтімелерге қарағанда Жетен Баяс асуы, Текенің сазында қалмақтармен болған ұрыстарда жасақтардың қимылын ұйымдастырып, басқаруда тапқырлық танытқан. Қапал, Үшқоңыр, Аламан, Матай маңындағы шайқастарда ерекше ерлік көрсеткен. Жетен ата қонысы жаудан тазартылған соң ауылаймагымен көшіп келіп, Райымбек ауданындағы Қулық тауын мекен еткен. 93 жасында дүниеден өткен Жетен Кеген өзенінің бойындағы Жалаулы ауылы жерленген. Соңғы жылдары Жетен басына еңселі күмбез орнатынып, Жалаулы ауылындағы ен үлкен көшеге есімі берілді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}