Жер сілкіну (геология)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Quake epicenters 1963-98.png
Жер сілкіну ошақтары (1963 - 1998)
Сурет:Global plate motion 2008-04-17.jpg
Тектоникалық плиталардың қозғалуы

Жер сілкіну

Жер сілкінулер - жер астыдүмпулері мен жер бетінің тербелістері; жер қыртысындағы не мантияның жоғарғы бөлігіндегі кенеттен жыртылып айырылулар мен ығысулардың нәтижесінде пайда болып, серпімді тербелістер түрінде шалғай қашықтықтарға дейін жайылады. Жердің басты дүмпуінен бұрынырақ болатын, магнитудасы одан кем дүмпулер форшоктар, ал кейінірек болатындары афтершоктар деп аталады.

Жер сілкіну гипоцентрі (ошағы)

Жер сілкіну гипоцентрі — Жердің ішіндегі жер сілкіну ошағы деп аталатын орын. Жер сілкіну гипоцентрі энергия көп мөлшерде (103— 10Ӏ8Дж) кенет босап шығып, жер қыртысының қысқа мерзімді тербелуін туындатады. Жер сілкіну гипоцентрі тереңдігі бойынша ( H км) кәдімгі (Н<70), аралық (70<H<300) және терең (300<H<700) тоғысты (фокусты) жерсілкінулерге бөлінеді.

Жер сілкіну магнитудасы

Жер сілкіну магнитудасы — жер сілкіну ошағында бөлініп шығатын энергия шамасын сипаттайтын шартты шама. Сейсмикалық станциялар жазбаларындағы топырақ бөлшектері ауысуының максимум амплитудасы логарифмі бойынша және жер сілкіну ошағына дейінгі қашықтық бойынша анықталады. Еңжойқын жер сілкінулердің магнитудасы — 9; бұл 1018Дж энергияға шамалас.

Жер сілкіну механизмі

Жер сілкіну механизмі - жер сілкіну ошағында өтетін механикалық процесс. Бұл процесс болмысын сейсмикалық толқындар, ал күшті жер сілкіну барысында — Жердің беткі қабаттарында пайда болатын жыртылыстар мен өзге де деформациялар сипаттайды. Сейсмикалық деректерге сүйене отырып, жер сілкіну ошағындағы кернеулердің басты-басты бағыттарын және жыртылас жазықтығының кескін-кейпін анықтауға болады.

Жер сілкіну ошағы

Жер сілкіну ошағы - жер қыртысы қат-қабатындағы не жоғарғы мантиядағы жер сілкінуіне себеп болатын жер асты дүмпуі пайда болатын өңір.

Жер сілкіну сырткіндікі

Жер сілкіну сырткіндікі - жер сілкіну ошағы орталық нүктесінің (гипоцентрінің) жер бетіндегі проекциясы; сейсмикалық станциялардың жазбалары бойынша анықталады.

Жер сілкіну ішкіндігі

Жер сілкіну ішкіндігі - жер қыртысындағы тектоникалық кернеулер әсерінен кенет туыңдайтын тербелістер нәтижесінде бірсыпыра энергия (103—1018 Дж) бөліп шығаратын жер қойнауындағы табиғи ноқат. Ӏшкіндік тереңдігіне орай жерсілкінулер үш түрге бөлінеді:

  • 1) байырғы немесе саяз сілкініс (H < 70 км);
  • 2) орташа терең сілкініс (70 км < Н < 300 км);
  • 3) терең сілкініс (300 км < Н < 700 км).

Синонимі: жер сілкіну ошағы. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub

iu:ᓴᔪᑉᐱᓛᕗᖅ/sajuppilaavuq