Жер бөліп беру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жер бөліп берукен қазу кәсіпорнына өндіріс объектілерін салу және пайдалы қазындыны кен орнынан алу мақсатында уақытша пайдалануға берілген жер учаскесі. Кен қазу кәсіпорны және министрлік бөлінген жерді пайдалану барысында оның байлығына ұқыптылықпен қарап айналадағы ортаның тазалығын сақтауға мемлекет алдында жауапты. Жер қойнауын пайдалану жұмыстары біткеннен кейін кен қазу кәсіпорны өзіне бөлінген учаскені бұрынғы қалпына келтірүге міндетті.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>