Жер бедерінің негізгі сипаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жер бедерінің негізгі сипаты

1.Қазақстаннын, физикалык картасынан биік (2000 м-денжоғары), орташа (1000 м-ден 2000 м-ге дейін), аласа (500 м-ден 1000 м-ге дейін) таулар мен үстірттерді және жазыктарды табыңдар. Жер бедері пішіндерінің қандай түрі басым екенін және олардың республика аумағы бойынша калай таралғанын аныктаңдар, аттарын дөптерлеріңе жазып алыңдар.

2. Қазақстанның физикалык картасын географиялык және тектоникалық карталармен салыстырыңдар. Өр түрлі жер бедері пішіндерінін; таралу себептерін түсіндіруге тырысыңдар.

Кең-байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз. Оның аумағының үштен бір бөлігін ұлан-байтак, ойпаттар (Солтүстік Қазақстан жазығының оңтүстік бөлігі, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты) алып жатыр. Қазақстан аумағының жартысынан астамы биіктігі 400-500 м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылар (Торғай, Үстірт, Сарыарқа және т.б.) үлесіне тиеді. Ал биіктіктері 4000-5000 м-ден астам, бастарын мүздықтар мен кар басқан биік таулар республика жерінің 10%-ынан тұрады. Олар еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан таулар: Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.

Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңқыстау түбегі ауқымындағы Қарақия ойысына (теңіз деңгейінен 132 м төмен), ал ең биік нүктесі еліміздің оңтүстік шығысындағы орталык Тянь-Шань тауларына тиесілі Хантөңірі шыңына (6995 м) сөйкес келеді. Олай болса, ең биік жөне ең төменгі нүктелерінің айырмасы - 7127 м. Оның үстіне Каспий теңізі түбінің 400 м тереңдігін қосатын болсақ биіктік айырмашылықтары артады.

Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері: 1. Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан.

2. Биік таулы аймактар, республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.

3. Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.

4. Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.

Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Қазақстанның жазык, аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта орналасқан, ал биік таулы өңірлерде мұндай зоналылық биіктік деңгейлеріне сәйкес таралатынын байқауға болады.

Жер бедері ерекшеліктерінің адамдардың шаруашылық әрекеттеріндегі маңызы зор. Жазыктар мен тауаралық аңғарлар егін шаруашылығымен айналысуға қолайлы келеді. Көк шалғын жамылған тау беткейлері тамаша жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атам.ра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geo-stub