Жер астында еріту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Val marie elevator.jpg
Ең алғаш жер астында еріту әдісін қолдану үшін пайдаланылған Саскачеван(Канада) элеваторлары

Жер астында ерітукен байлықтарын жер қойнауынан ұңғыма арқылы су жіберіп ерітінділеп алу әдісі. Бұл әдіс тас және калийлі тұз кендерінде қолданылады. Ас тұзын ұңғыма арқылы өндіру 12 — 14 ғасырдан белгілі. Жер астында еріту әдісі 1964 жылы Саскачеван (Канада) калий тұзы кенінде алғаш рет өндірістік деңгейде қолданылды. Жер астында еріту кезінде кен шоғыры ұңғымалармен ашылып, су жіберетін және тұз ертіндісін шығаратын колонналармен жабдықталады. Еріткіш — су тұз шоғырына колонналар арасындағы айналмалы саңылау арқылы қысыммен жіберіледі. Камерадағы тұз қабаты астынан үстіне қарай сатылы түрде өндіріледі. Байытылған тұз ертіндісі арнайы колонна арқылы жоғары шығарылады. Жер астында еріту арқылы алынған ерітінділер хлор, сода, ас тұзы, т.б. өндірудің шикізаты болып табылады. Сондай-ақ, жер астында еріту технологиясы тұз шоғырларында (тұз күмбездерінде) мұнай өнімдері мен сұйытылған газ сақтайтын қойма жасау үшін де қолданылады. <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жер астында еріту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}