Жер астындағы мұз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жер астындағы мұзжер асты қат-қабаттарының арасында немесе тау жыныстардың жарықшақтарында кездесетін мұздар. Олар маусымдық және көпжылдық болып келеді. Орны мен түзілуіне қарай үш топқа бөлінеді:

  • алғашында жер бетінде пайда болып, кейіннен шөгінділермен жабылған тұтас мұздар;
  • кеуекті тау жыныстардың жарықшақтарында қалыптасқан мүздар;
  • әр түрлі табиғи себептерден пайда болған үңгірлік мұздар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>