Жер-қоныс құқығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жер-қоныс құқығыазаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін құрылыс құжаттамасына сәйкес заң бойынша белгіленген тәртіппен жергілікті атқару органдарының шешімі арқылы иелену құқығы. Жер учаскелері Қазақстан азаматтарының отбасына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:
1) ауылдық жерлерде өзіндік үй шаруашылығын жүргізу үшін — суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суарылатын жерде 0,15 гектар;
2) жеке тұрғын үй құрылымы үшін — 0,10 гектар;
3) бағбандық, сондай-ақ, саяжай құрылысы үшін — 0,12 гектар.
Аталған мақсаттар үшін жер учаскелерін қайталап тегін беруге рұқсат етілмейді. Азаматтардың жеке меншігіндегі жер учаскесінде тұрғын үй құрылысын салуға, қалауынша сатуына, пайдалануына, мұраға қалдыруына құқы бар. Жеке меншіктегі жер учаскесі, сондай-ақ, тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғалардың мүлкі құрамына кіреді, банкрот деп жарияланған жағдайларды олар өз міндеттемелері бойынша осы мүлікпен жауап беруге тиіс. <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жер-қоныс құқығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}