Жершашақ тұқымдасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жершашақ тұқымдасы (Cynomorіaceae) — қос жарнақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер шарында ылғалы мол тропиктік ормандарда өсетін 18 туысы, 120-дай түрі бар. Қазақстанның далалы аймағында және тұзды топырақты шөлейтті жерлерінде жершашақ тұқымдасының өзі аттас бір ғана туысқа жататын — жоңғар жершашағы (C. sondarіcum) кездеседі. Бұл — хлорофилсіз, қызыл немесе қошқыл қоңыр түсті бұтақталған жуан тамырлы өсімдік. Биіктігі 9 — 80 см. Қабыршақ тәрізді жапырақтары етжең сабағына жиі орналасады. Қос жынысты, ұсақ гүлдері шоқ-шоқ болып, түйреуіш тәрізді гүлшоғырына топтасып, сабақтың ұшында жетіледі. Мамыр — шілде айында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жемістенеді. Жемісі — жаңғақша. Жершашақ тұқымдасы — жыңғыл, ақ тікен, шырғанақтың тамырларына жабысып өсіп, паразиттік тіршілік етеді.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жершашақ тұқымдасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}