Жермен қосу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жермен қосу , жерлету<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref> — электр машиналарының элементтерін, аппараттарды, құралдарды, т.б. жермен электрлік қосуға арналған құрылғы. Жермен қосу жерге қағылған металл электродтардан (жермен қосқыштардан) және оларды электрлік қондырғылардың жермен қосу бөліктерімен жалғастыратын ток өткізгіштерден тұрады. Жермен қосқыштар жерге тік қағылған болат құбырлар (жоғарғы кернеулі электрлік қондырғыларда — ондаған құбырлар), рельстер немесе көлденең орналасқан болат не мыс тілкемдері түрінде болады. Кей жағдайда жермен қосқыштар ретінде болат трос (сым арқан) не шынжыр пайдаланылады. Жермен қосу мақсатына байланысты адамдарды электр тогына түсуден қорғайтын (мысалы, электрлік машиналардың және аппараттардың корпустарын жермен қосу) қорғаныстық жермен қосу және жұмыстық жермен қосу (мысалы, радиотехникалық антенналарды жермен қосу) болып ажыратылады. Жермен қосудың кедергісін төмендету үшін жермен қосқыштарды грунт суы деңгейіне орналастырады.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жермен қосу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}