Жеркепе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Glenwood earthlodge.jpg
Неолиттік жеркепе(қайта қалпына келтірілген), Гленвуд, Айова, АҚШ

Жеркепе — ежелгі дәуірлерден сақталған баспана түрлері. Негізгі ерекшелігі еденінің жер бетінен әр түрлі деңгейде төмен қазылуында. Үңгірлерді мекендеген ежелгі адамдар қауымдарының бірте-бірте алаңқайларға шығып, уақытша немесе тұрақты етіп салған қоныстары осы жеркепе түрінде болған. Жеркепе палеолит дәуірінен бастап дүние жүзінің түрлі геогр. белдемдеріне тараған. Құрылымдық ерекшеліктері мен көлемі жағынан әр дәуірлерде, кейбір табиғи-геогр. жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Қазақстан жерінде жеркепе алғаш рет тас дәуірінің соңында пайда болып, қола дәуірінде кеңінен тарады. Бұған б.з.б. 2-мыңжылдықта далалық мал шарушылығы мен көне металлургияны жақсы игерген тайпалардың мәдени жетістіктері әсер етті. Едені жер деңгейінен неғұрлым төмен жатқан тұтас жеркепелермен қатар, едені саяз жартылай жеркепелер де көбірек қолданылған. Жартылай жеркепенің едені әдетте 0,5 м шамасында, іргесі тігінен орнатылған үлкен тақта тастармен қапталады да, жер бетіне кішірек тастардан қаланып көтеріледі. Ортаға немесе бұрыштарға тұрғызылған ірі ағаш бағаналар сатылы пирамидаға ұқсаған, кейде екі қанатты үлгіде жасалған ағаш төбені көтеріп тұрады. Жеркепе ортасында дөңгелек, төртбұрышты ошақ орналастырған. Сондай-ақ, іргелері ағаштан тұрғызылған жеркепелер де болған. Жеркепелер, әсіресе, Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің Атасу, Мыржық, Бұғылы-1, Бұғылы-2 қоныстарында көптеп кездеседі. Мұндай құрылыс түрлері шаруашылық мақсатта, мәселен, қоймалар, маусымдық жұмыстар кезіндегі уақытша баспаналар түрінде осы уақытқа дейін пайдаланып келеді. <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жеркепе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}