Жериде-и Хауадис

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Жериде-и Хауадис» (басылым) – алғашқы түрік басылымдарының ішіндегі халықтың ықыласына бөленген газеттердің бірі. Басылым алғаш рет 1940 жылы шыға бастаған. Түркия баспасөзі тарихындағы екінші болып жарық көрген газет есебінде саналады. Газеттің негізін салған ағылшын журналисі –Уильям Черчилл. Бастапқы он жылда өтімсіз болғанмен, Черчилл Қырым соғысына қатысып келгеннен соң басылымның беделі өсе түсті. Басылым беттерінде түрік елінің көрнекті публицистерінің публицистикалық мақалалары, ақын-жазушыларының туындылары жарияланып тұрды. Сондай-ақ газетте сол кезеңде енді ғана бүршік атып келе жатқан алғашқы түрік сатирасы өкілдерінің де шығармалары жарық көре бастады. <ref>Рамазан А. Шетел журналистикасының тарихы: Оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006 ж.</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}