Жержылөлшем

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жержылөлшем - (абсолюттік көнелікті өлшеу). Геологиялық уақытты астрономиялық уақыт бірлігімен, яғни кәдімгі астрономиялық жыл есебімен өрнектеу. Бұл шараны жүзеге асыратын әдістер минералдардағы радиоактивті элементтердің өздігінен ыдырау өнімдерін саралауға негізделген (радиологиялық жылөлшем). Кейбір радиоактивті элемент изотоптарының өздігінен ыдырай отырып, екінші элемент изотобына айналу жылдамдығы тұрақты болуы (бұл уақыт "жартылай ыдырау мерзімі" деп аталады) және бұл процестің сырт жағдайларға тәуелсіз болуы аталған изотоптарды кіріктіретін минералдың (таужыныстың) ең алғаш түзілу уақытын дәлме-дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін сынама құрамындағы "аналық" және "туынды" изотоптардың өзара үлес салмағын дәл анықтасақ жеткілікгі; бір изотоптың екінші изотопқа айналу мерзімі тұрақты болғандықтан, олардың өзара үлес салмағын ескере отырып, қарапайым есептеулер көмегімен "аналық" изотоптың алғаш жаралу (қалыптасу) уақыты дәл анықталады. Бұл уақыт сол изотопты кіріктірген минералдың (таужыныстың) алғаш түзілу уақытына сәйкес келетіні түсінікті. Радиологиялық жылнаманың ең көп тараған ;түрі - уран-қорғасындық (232ТҺ — 208РЬ), рубидий-стронцийлік (87Rb — 87Sr), ий-аргондық (40К — 40Аг), радиокөміртектік (14N —14С) әдістер.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}