Жержылнама ілімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жержылнама - жер қыртысын құраушы таужыныстардың көнелігі, қалыптасуының ұзақтығы мен тетелестігі жөніндегі ілім. Салыстырмалы және абсолюттік Ж. болып ажыратылады. Салыстырмалы Ж. шөгінді, вулканогендік, пирокластикалық таужыныстардың көнелігін қойнауқаттанудың тетелестік принципі негізінде анықтайды. Ол принцип бойынша таужыныстардың бастапқы жатысы бұзылмаған жағдайда әрбір жоғарғы қойнауқат төмендегілерден жастау деп алынады. Таужыныстар түзілуінің бір уақыттылығы бұларда сақталған қазба организм қалдықтарының бірдей болуы тұрғысынан анықталады. Абсолюттік немесе ядролық (изотоптық) Ж- га сәйкес, таужыныстардың (магмалық, шөгінді, метаморфтық), минералдар мен рудалардың көнелігі астрономиялық уақыт бірліктерімен (млн. жыл) есептеледі. Бұл әдіс химиялық элементтердің радиоактивтік ыдырауы құбылысына негізделген, ал ыдырау жылдамдығы Жердің қалыптасу уақыты ішінде түрақты болып қала берді дел қабылданған. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}