Жержылнама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жержылнама. Уақыттың жылжуы барысында геологиялық құбылыстардың бір-бірін алмастыру реттілігі, яғни жер қыртысын құрайтын тау жынысы қабаттарының түзілу реттілігі, тектоникалық процестердің көрініс беру реттілігі, трансгрессиялар мен регрессиялардың алмасуы т.с.с. реттілікті тап басып зерттеу және геологиялық құбылыстар ұзақтығын анықтау әдістері тұрғысынан жержылнама салыстырмалы жержылнама және нақтылы жержылнама<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref> болып екі түрге бөлінеді. Салыстырмалы жержылнама "қат-қабатталудың реттілігі принципіне" (стено принципі) негізделген, оның ең басты зерттеу әдісі -биостратиграфиялық тұрғызымдар[построения]. Нақты жержылнама жержылнамалық шкала бөлімшелерінің көнелігі мен ұзақтығын байырғы астрономиялық жыл есебімен бере алады. Бұл әдіс кейбір минералдардың кристалдық торларына жинақталған түрлі радиоактивті элементтердің тұрақсыз изотоптарының өздігінен ыдырау өнімдерін зерттеу нәтижелеріне негізделген.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}