Жергілікті тазалау имараты
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жергілікті тазалау имараты—орталықтандырылған канализация жүйесі жоқ ауылдық жерлерде орналасқан жайлы үйлердегі (коттедждердегі) пайдаланылған тұрмыстық суларды ағызуға және залалсыздандыруға арналған, канализацияға арналған жабдықтармен жарақтандырылған жер асты инженерлік құрылыс. Жергілікті тазалау имараты тұндырғыштан және пайдаланылған тұрмыстық суды жергілікті жерде биологиялық тазартуға арналған құрылғылардан тұрады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>