Жерасты суларының алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өз аумағында сулы қойнауқаттар (арынды сулары бар горизонттар мен кешендер және сутіректік қабаттар), ал беткі бөлігінде грунт суларының субалаптары орналасқан, негізінен қатпарлы іргетас (алап төсенішін) көмкерген шөгінді таужыныстардан тұратын ірі ойыс құрылым (ойыс, синеклиза). Әдетте артезиандық алаптар жерасты суларының алабының жеке түрі ретінде қарастырылады. Артезиандық алаптардағы арын қалыптастыратын көз рөлін гидростатикалық қысым атқарады деп есептелінеді. Алайда бүгінгі таңда арын қалыптастыру механизмдері әр түрлі болуы мүмкін екендігі дәлелденіп отыр. Олай болса, "артезиандық алап" термині жаңаша мазмұнды иеленіп отыр деп тұжырымдауға, сондықтан бұл түсінікті жерасты суларының алабы түсінігінің шартты түрдегі синонимі деп есептеуге болады. Бұл түсініктің байырғы синонимдерінің бірі — “гидрогеологиялық алап”.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}